31-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
31-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

НАРЫҚ ТҮРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН – әлемдегі көлемі бойынша 9-шы ел, аумағы 2 млн. 724,9 мың шаршы километрді құрайды. Географиялық тұрғыда ел Еуразия құрлығының орталығында, Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан. Халқының саны 2023 жылы 19,9 миллион адамды құрады. Астана – Қазақстанның астанасы.

Қазақстан Орталық Азия мен ТМД елдерінің ішінде бірінші болып халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізді.

2023 жылы Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі 15 елдің және Орталық Азияның арасында тікелей шетелдік инвестицияларды (ТШИ) тарту бойынша көш бастап, 61%-дық үлеске ие болды. 2023 жылдың қаңтарынан бастап жалпы инвестиция көлемі 602 миллиард теңгені құрайтын 59 инвестициялық келісім жасалды.

Құрылысқа тікелей шетелдік инвестициялар көлемі $189,8 миллионды, ал жылжымайтын мүлікпен байланысты операциялар $234,3 миллионды құрады. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарымен елде 10 арнайы экономикалық аймақ құрылған.

Қазақстан Республикасында құрылыс жұмыстарын жүргізу және нысандарды пайдалануға беру туралы мәлімет (2023 жылғы қаңтар-қыркүйек).

2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемінің 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда ұлғаюы құрылыстар мен ғимараттарды жөндеу жұмыстарының (+23,8%) және тұрғын емес ғимараттардың (+8%) құрылысына байланысты болды.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтердің) түрлері бойынша ең үлкен үлесті тұрғын емес ғимараттарды салу (жалпы көлемнің 20,3%), тұрғын ғимараттарды салу (14,3%) және автомобиль жолдарын салу (14,2%) құрады.

Пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы аумағы 13 289,4 мың шаршы метрді құрады және 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 11,6%-ға ұлғайып, 11 697,9 мың шаршы метрді құрады. Оның ішінде 6901,2 мың шаршы метр – көпқабатты үйлер, ал 4734,4 мың шаршы метр – жеке үйлер. Тұрғын үйдің басым бөлігі – 10 741,3 мың шаршы метр немесе 91,8% жеке құрылыс салушылармен пайдалануға берілген, оның ішінде халық 4830,7 мың шаршы метрді салған.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ
Алматы – елдің ең ірі мегаполисі, ондаған жылдар бойы республиканың экономикалық, мәдени және білім беру орталығы болып келеді.

Алматы облысы – Алматы облысы – қарқынды дамып келе жатқан өңір. 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 580,9 млрд теңгені құрап, 2022 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 107,1%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 107,0%-ды құраса, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен қамтамасыз ету көрсеткіші 107,2%-ды, ал сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметі 105,1%-ды құрады.

2023 жылғы қаңтар-қараша айларындағы құрылыс жұмыстарының (қызметтердің) көлемі 252,3 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 1,4%-ға артық.

2023 жылғы қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі (қосымша бағалаумен) 599,2 млрд теңгені құрап, 2022 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 14,2%-ға өсті.

Дереккөздер: Ұлттық статистика бюросы, kapital.kz, primeminister.kz, Tengrinews.kz