KAZBUILD 2021: ЖАҢА ЖАҒДАЙЛАРДА ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ.
2021 жылғы күзгі көрме маусымының ауқымды басталуы 2021 жылғы 7-9 қыркүйек аралығында «Атакент» КІЫО-да өтетін KazBuild 27-ші Қазақстандық халықаралық құрылыс және интерьерлік көрмесі болады.
26 жыл ішінде көрме өзін Қазақстанның құрылыс нарығында өнімдер мен қызметтерді жылжытудың тиімді құралы ретінде көрсетті және саладағы ағымдағы жағдайдың нақты көрсеткіші болды. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2021 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде құрылыс саласының өсу қарқыны 2020 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 112%-ды құрайды (https://stat.gov.kz/). Пандемияның теріс әсеріне қарамастан, құрылыс саласы өзінің белсенді дамуын жалғастыруда, тұрақты өсу мен дамудың оң динамикасын көрінуде, сондай-ақ елдегі ең жылдам өзгеретін салалардың бірі болып қала беруде.
Құрылыс индустриясын дамыту Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа халықаралық бизнес-қызығушылықты арттыруда, іскерлік байланыстарды кеңейтуде және жаңа нарықтарды игеруде шешуші рөл атқарады. Экспозицияға Германияның Ұлттық тобының жыл сайын қатысуы және Ресейдің 10 аймағынан 29 құрылыс және әрлеу материалдарын өндірушілердің Ұжымдық стендтері дәлел бола алады. Алғаш рет Словакияның Ұлттық стенді ұсынылады, оның қатысушылары инновациялық әлеуеті бар Словакияның 6 табысты өндірушілері болады.
Мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, салалық қауымдастықтар мен салалық одақтардың сарапшылары, отандық және шетелдік құрылыс компанияларының кәсіпқойлары көрме жұмысының үш күні ішінде құрылыс саласының жаңа жағдайларда дамуы, индустрияның өзекті трансформациялары, дамудың жаңа басымдықтары туралы айтатын болады.
KazBuild 2021 көрмесіне қатысуды келесі компаниялар растады: Aktau Stroy Service, Decor-trade kz, Eglo Kazakhstan, Finn Log Houses, Penoplex, А-профиль, Конкрит Продактс, Меса Лтд, Assanov Group, Полимерметалл-Т, СК-Полимерлер, Хантсман (Қазақстан), Хефеле Қазақстан.
KazBuild 2021 көрмесіне келушілерді бүкіл құрылыс бизнес-қоғамдастығына пайдалы болатын ауқымды іскерлік бағдарлама күтеді. Биылғы жылы контент-бағдарлама аясында сәулетшілер қауымдастығының, дизайнерлер мектебінің және Қазақстанның құрылыс индустриясының өзге де кәсіби қатысушыларының семинарлары мен шеберлік-сабақтары өтеді.
- 7 қыркүйек: KAZGOR Жобалау Академиясы тыңдаушыларды жобалық ұйымдарда BIM-ді табысты енгізу әдістерімен таныстырады.
- 8 қыркүйек: Қазақстанның Сәулетшілер Одағы, Одақтың қазіргі қызметі туралы әңгімелейді және аудиторияны Қазақстандағы жаңа архитектуралық шешімдермен таныстырады.
- 9 қыркүйек: Заманауи дизайн трендтері туралы біз Дизайн Мектебінің мамандарымен сөйлесетін боламыз.
Параллель түрде бір алаңда жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау және желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтардың Aquatherm Almaty 2021 13-ші Халықаралық көрмесі өтеді.
Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы болып табылады. KazBuild 2021 құрылыс және интерьер көрмесінің серіктесі болып Словакиялық SARIO инвестицияларды және сауданы дамыту агенттігі саналады. Шараларға ресми қолдауды жыл сайын Алматы қаласының әкімдігі көрсетеді. Сондай-ақ, іс-шараны Қазақстанның келесі кәсіби қауымдастықтары қолдайды: Қазақстанның Құрылысшылар Одағы, сәулетшілер, дизайнерлер және құрылыс индустриясының басқа да кәсіби қатысушыларының Қауымдастығы, KAZGOR Жобалау Академиясы, Халықаралық Сәулетшілер мен Дизайнерлер Одағы, IDEAS дизайнерлер Клубы.