31-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
31-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

KAZBUILD 2022 КӨРМЕСІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ, ЖОБАЛАУ САЛАЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ӨНІМДЕРІ

KazBuild 28-ші Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі экспозициясы Алматы қаласы, «Атакент» көрме орталығында қыркүйектің 7-сі мен 9-ы аралығында өтеді.

Anons 2022

Құрылыс және интерьер саласының мамандары қызметтер мен өнімдердің отандық және халықаралық өндірушілерімен, салалық одақтар және қауымдастықтар өкілдерімен, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың жетекшілік етуші басқармаларымен бір алаңда кездеседі. ҚР Ұлттық статистика бюросының статистикалық деректеріне сәйкес, 2022 ж. қаңтар-маусымында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, тұрғын ғимараттардың жалпы мөлшерінің 100,5%  пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта Қазақстандағы құрылыс саласы мемлекет айтарлықтай көңіл бөліп отырған салалардың бірі. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрқұрылымдық даму министрлігінің қатысуымен ҚР Үкіметі қалыптасқан макроэкономикалық және геосаяси ахуал кезінде құрылыс саласын сүйемелдеудің кешенді шараларын әзірлеуді жалғастыруда. Сарапшылар болжамы бойынша, таяу арада Қазақстан аумағында құрылыс өсімінің белсенді фазасы жалғасады, бұл Қазақстанда салалық экспо-оқиға өткізу маңызын анықтайды.  

Осыған байланысты, дәл осы KazBuild көрмесі алаңы құрылыс және интерьер саласы жаңа өнімдерін таныстыру орны, сондай-ақ ҚР құрылыс және тұрғын үй салаларын дамытудың одан арғы перспективаларын белгілеу мақсатында, нарықтың барлық қатысушылары үшін нәтижелі диалог алаңы  болмақ.  

2022 жылдың экспоненттері қатарында 18 елдің (Әзербайжан, Бельгия, Германия, Дания, Үндістан, Испания, Италия, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Малайзия, Польша, Португалия, Ресей, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, БАӘ) 150-ден аса компаниясы бар. Қатысушылар дәстүрлі түрде құрылыс материалдары мен жабдығын, қалып жүйелерін, әрлеу материалдарын, терезе технологияларын, керамика мен тасты, лак-сырлау өнімдерін, «ақылды» құлыптар мен құрылғыларды, шатыр және қасбет материалдарын және басқа да көптеген заттар ұсынады. Оқиғаға деген өсіп келе жатқан қызығушылық туралы стендтерімен алғаш рет қатысқалы отырған экспонент-дебютанттар саны айтып тұр – бұл 50-ден аса компания, оның ішінде Үндістаннан керамикалық тақтаның 17 өндірушісі, Еуропадан және Ресейден құрылыс жабдығының 9 өндірушісі. Техносонус және СтандартПласт зауыттар дыбыс оқшаулағыш материалдар таныстырса, Бастау Алматы компаниясы өз стендінде отандық өндірушінің терезе профилінің жаңа өнімдерімен таныстырады.

KazBuild көрмесі Қазақстан нарығына халықаралық компанияларды тартуда, географияны және бизнес-ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқарады. Осылайша, Германияның, Малайзияның және Польшаның ұлттық топтары құрылыс саласындағы инновациялық шешімдерді ұсынады. Испаниядан, Үндістаннан және Ресейдің 9 өңірінен келген өндірушілер ұжымдық экспозициямен қатысады.

KazBuild 2022 көрмесіне қатысатындығын келесі компаниялар растады: Меса Лтд, Мир Паркета, Shnell, Timberstone, Verdes, ПолимерМеталл-Т, ASG, Convergent, Sloplast, Eglo Казахстан, 3D Крестики, сондай-ақ лак-бояу зауыттары Panda Paints, Радуга және Белый Дом. «Лак-бояу» секторының серіктесі - Viking брендімен қазақстандық өндіруші Eurotech Industries.

KazBuild көрмесі аясында алғаш рет  Қазақстан құрылыс салуышлары үшін жаңа жоба – Жылжымайтын мүлік аллеясы ұсынылады. Бұл қала және қала сыртындағы жылжымайтын мүліктің бай ассортименті және Қазақстанның жетекші құрылыс салушыларынан бірегей ұсыныстар болатын жаңа кәсіби алаң. K7 Group, Atrix Story, Барыс Строй 2001 және басқалар қатысатындығын растады.

Әлемдік трендтер, интерьерлер дизайны саласындағы жаңа акценттер, ерекше шешімдер Қазақстанның Дизайнерлер және Сәулетшілер қауымдастығы атынан  жаңа атмосфералық сессия - Design Fest  барысында таныстырылады.  

KazBuild 2022 көрмесінің кең іскерлік бағдарламасы ПА KAZGOR, ҚР Сәулетшілер одағы, ҚР Жобалаушыларының ұлттық қауымдастығы, «Құрылысшылар одағы» ЗТРБ және Қазақстанның құрылыс индустриясының басқа да кәсіби қатысушыларынан практикалық семинарларды қамтиды.  

Онымен қатар бір алаңда жылу беруге, сумен жабдықтауға, сантехникаға, ауа баптауға және желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтың Aquatherm Almaty 2022 14-ші Халықаралық көрмесі өтеді.  

Оқиғаларды ұйымдастырушы – Iteca қазақстандық көрме компаниясы. Оқиғаларды жыл сайын Алматы қаласы әкімдігі сүйемелдейді. Сондай-ақ оқиғаны Қазақстанның кәсіби қауымдастықтары: Қазақстан Құрылысшылары одағы,  Сәулетшілер, дизайнерлер және құрылыс индустриясының басқа да кәсіби қатысушылары қауымдастығы, KAZGOR жобалау академиясы, ҚР Сәулетшілер одағы, ҚР Жобалаушыларының Ұлттық қауымдастығы сүйемелдейді.