32-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

KAZBUILD ЖӘНЕ AQUATHERM ALMATY 2026: ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ПЕН ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТЕКШІ КӨРМЕЛЕР АЛМАТЫДА ӨТЕДІ

2026 ЖЫЛҒЫ 2–4 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА, ҚІЫО «АТАКЕНТ» АУМАҒЫНДА, ӨҢІРДІҢ ЕКІ ІРІ САЛАЛЫҚ ОҚИҒАСЫ ҚАТАР ӨТЕДІ — 32-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ KAZBUILD 2026 ЖӘНЕ ЖЫЛЫТУ, СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ, САНТЕХНИКА, АУАНЫ БАПТАУ МЕН ЖЕЛДЕТУГЕ АРНАЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖАБДЫҚТАРДЫҢ 18-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ AQUATHERM ALMATY 2026.

 Көрмелер дәстүрлі түрде құрылыс және инженерлік саладағы кәсіби қауымдастықты біріктіріп, инновациялық технологияларды таныстыруға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға арналған бірыңғай алаң қалыптастырады.

Отыз жылдан астам уақыт бойы KazBuild Қазақстандағы ең ірі құрылыс және интерьер көрмесі мәртебесін сақтап келеді. Экспозиция азаматтық, коммерциялық, өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық құрылысқа арналған өнімдер мен технологиялардың барлық спектрін қамтиды. Келушілерге құрылыс және әрлеу материалдары, фасадтық және терезе жүйелері, жабдықтар мен құралдар, интерьер шешімдері, сондай-ақ инновациялық әзірлемелер ұсынылады.

2026 жылғы көрмеге 27 елден 350-ден астам компания, соның ішінде Австралия, Әзербайжан, Германия, Грекия, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Нидерланд, БАӘ, Португалия, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Франция және басқа да елдерден қатысады.

Көрменің қатысушылары қатарында Philips, Dalmex, Hyundai, Marrioni және Taudi Techno Panel, «Меркор-ПРУФ», Fibercon, Alubest Extrusions, «Ютех Дистрибьюшн» және «Опалубка Лидер KZ» Kapelli, Winal және Wolta және т.б. бар.

Экспозицияда ерекше орын терезе технологияларына арналған жеке павильонға беріледі, ол Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қытай, Италия, Германия, Ресей, Түркия және Оңтүстік Корея өндірушілерін біріктіреді. Өз өнімдерін Galaksi Group, TD Zangar, Gold Aluminum, Fk Kunstsoffe, Kinlong, Kaban Makina, Aspan, Alubest, Hoffmann, Kcc Central Asia, Veliev және т.б. таныстырады.

Саладағы практикалық мәселелерге KazBuild Materials Forum 2026 және KazBuild Urban Future Forum 2026 арналмақ. Қатысушылардың назарында құрылыс материалдары нарығының дамуы, құрылысты индустрияландыру, сондай-ақ заманауи қала құрылысы, сәулет және ауқымды урбанистік жобаларды іске асыру мәселелері, соның ішінде Alatau City-дің дамуы болады. Іскерлік бағдарламаның арнайы қонағы ретінде Zaha Hadid Architects (Ұлыбритания) Халықаралық Сәулет Бюросының сәулетшісі әрі директоры - Паоло Маттеуцци сөз сөйлейді.

Құрылыс тақырыбын толықтыра отырып, Aquatherm Almaty 2026 заманауи ғимараттар мен құрылыстарды инженерлік қамтамасыз етуге арналған шешімдердің толық спектрін ұсынады. Көп жылдан бері көрме Қазақстандағы ОВК және ВК саласындағы ең ірі мамандандырылған алаң мәртебесін сақтап, өндірушілерді, жеткізушілерді, жобалаушыларды, монтаж ұйымдарын және инженерлік компанияларды біріктіреді.

2026 жылы көрмеге 19 елден 230-дан астам компания қатысады. Олардың қатарында Қазақстан, Германия, Италия, Польша, Грекия, Канада, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей және Еуропа, Азия мен Солтүстік Американың басқа да мемлекеттері бар.

Көрмеде өз өнімдерін алғаш рет таныстыратын компаниялардың қатарында — Avcom Kazakhstan, Amasha, Cimberio, Ginice, Hitherm, Interplast, Quindis, SRP Group, Wanas, Коракс, Аквапром, Сантим, Лидер DMB, Рифар және Тепломаш. Сонымен қатар Blauberg, CNP, Craft, E.C.A., FAR Rubinetterie, Garant Tranzit Plus, General Mechanical, Panasonic, Tebo, Thermona, VTS Kazakhstan, Wilo Central Asia, Келет және РТП өздерінің ең жаңа әзірлемелерін ұсынады.

Экспозиция жылыту, сумен жабдықтау, желдету, ауаны баптау, инженерлік коммуникациялар және сантехникалық инфрақұрылымға арналған жабдықтар мен технологияларды қамтиды. Бағдарламаның қосымша практикалық элементі Монтажшылардың IV чемпионаты болады. Ол саланың жетекші мамандарын кәсіби құзыреттерін, заманауи монтаждау әдістерін және тиімді инженерлік шешімдерді көрсету үшін біріктіреді.

Көрмелердің бірінші күніндегі іскерлік бағдарламаның басты оқиғасы «Жаңа Құрылыс кодексі, салық саясаты және цифрлық реттеу: Қазақстан саласын өзгертетін реформалар» тақырыбындағы бірлескен пленарлық сессия болады. Спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Мемсараптама» РМК, «ҚазҚСҒЗИ», «Атамекен» ҚР ҰКП , Қазақстан Құрылысшылар одағы, Қазақстан Республикасы Жобалаушылар ұлттық қауымдастығы, KAZGOR және жетекші девелоперлік ұйымдардың өкілдері бар.

KazBuild және Aquatherm Almaty көрмелерін бір мезгілде өткізу технологиялар трансферіне, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстан мен Орталық Азияның құрылыс саласын тұрақты дамытуға арналған заманауи шешімдерді ілгерілетуге ықпал етеді.

Көрмелер Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми қолдауымен өткізіледі.

Іс-шараларды қазақстандық көрме компаниясы Iteca халықаралық серіктесі — ICA Events компаниялар тобымен бірлесіп ұйымдастырады.