НЕМІСТІҢ БЕТОНДЫ ЖӨНДЕУГЕ ЖӘНЕ ГИДРООҚШАУЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАРЫ

«КОНСТЕР ИНЖИНИРИНГ» ЖШС Германияның KÖSTER BAUCHEMIE AG компаниясының технологиялары мен заманауи материалдарын пайдалана отырып, гидрооқшаулау, бетонды жөндеу және қорғау бойынша материалдар мен қызметтерді ұсынады. Компанияның бұл саладағы 40 жылдан астам тәжірибесі бар.

KÖSTER NB 1 Grey – минералды негіздегі, кристалданатын компоненттері бар, жоғары гидростатикалық қысымға (130 метрден астам су бағанына) төзімді гидрооқшаулағыш жабын. Ішкі және сыртқы гидрооқшаулау жұмыстарына жарамды. Жабын жоғары беріктік пен тозуға төзімділікті қамтамасыз етеді. Материалдың ауыз сумен жанасуға арналған сертификаты бар.

KÖSTER Waterstop – жөндеу жұмыстарын жүргізуге және қысыммен ағатын суды тоқтатуға арналған тез қататын, кеңейетін қоспа. KÖSTER Waterstop минералды негізбен белсенді әрекеттесіп, сенімді әрі ұзақ мерзімді гидрооқшаулауды қамтамасыз етеді.

KÖSTER 2 IN 1 – құрғақ және су өткізетін жарықтарды жоюға арналған полиуретанды инъекциялық шайыр. Құрамында еріткіштер жоқ. Ерекшелігі: сумен жанасқанда KÖSTER 2 IN 1 серпімді көбікке айналып, жарықтағы суды ығыстырады. Ал жарықта су болмаса, материал серпімді шайыр түріне еніп, жарықты сенімді герметизациялайды. Қолданылу саласы: су өткізетін жарықтарды гидрооқшаулау, кірпіш қалау мен бетондағы құрғақ жарықтарды герметизациялау.

KÖSTER MS Flex Foil – бір компонентті, тез қататын, жоғары серпімді, ультракүлгін сәулелерге төзімді, полимерлі гибридті негіздегі гидрооқшаулағыш жабын. Әртүрлі беттерге тамаша адгезиясымен ерекшеленеді.

KÖSTER KB-Flex 200 – тікелей тюбиктен жағылатын, бір компонентті, ұзақ уақыт бойы пластикалығын сақтайтын материал. Қабырғалардағы құбырлар мен кабельдердің өтетін жерлерін герметизациялауға арналған. Тіпті су қысымы әсер еткен жағдайда да тиімді қолданылады.

KÖSTER KD 2 Blitz – өте қысқа уақыт ішінде қататын тез әрекет ететін ұнтақ. Материал белсенді су ағуын бірнеше секунд ішінде тоқтатады.
Компания және өнімдер туралы толығырақ төмендегі сілтемелер арқылы біле аласыз:
https://www.instagram.com/stopvoda_com/
- -де жасалған
