31-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
31-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ

30 ЕЛДІҢ ЖЕТЕКШІ ӘЛЕМДІК ӨКІЛДЕРІ АЛМАТЫДА KAZBUILD ЖӘНЕ AQUATHERM ALMATY 2024 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕРІНДЕ КЕЗДЕСЕДІ

4-6 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА «АТАКЕНТ» ҚІЫО (АЛМАТЫ Қ.) АУМАҒЫНДА БІРДЕН ЕКІ ІРІ САЛАЛЫҚ КӨРМЕ ӨТЕДІ: 30-ШЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР KAZBUILD 2024 КӨРМЕСІ ЖӘНЕ 16-ШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЫЛЫТУ, СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ, САНТЕХНИКА, АУАНЫ БАПТАУ МЕН ЖЕЛДЕТУГЕ АРНАЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖАБДЫҚТАР AQUATHERM ALMATY 2024 КӨРМЕСІ. 

KazBuild көрмесіне Әзірбайжан, Беларусь, Бельгия, Германия, Греция, Египет, Иран, Үндістан, Индонезия, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Канада, Қырғызстан, БАӘ, Малайзия, Польша, Португалия, Ресей, Сингапур, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция сияқты 26 елден 316 компания қатысады. Германия, Қытай, БАӘ, Польшаның негізгі өндірушілері елдерінің бірыңғай ұлттық стендтері арқылы өздерін таныстырады. Aquatherm Almaty алаңында Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Үндістан, Италия, Иран, Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, Сауд Арабиясы, Сингапур, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Чехия, Оңтүстік Корея сияқты 17 елден 215 қатысушы өздерін стендтер арқылы таныстырады. Германия, Қытай және Түркия өндірушілері іс-шараның ауқымы мен халықаралық маңыздылығын көрсете отырып, ұлттық стендтерде өздерінің ең жақсы шешімдерін ұсынады.  

2024 жыл ерекше болды, үш павильон мен көше алаңына 49-дан астам және жаңа өндірушілердің стендтерін қамтитын жаңа арнайы B павильоны қосылды. Тұрақты өсім биылғы жылы 20-дан астам компания қатысатын «Терезе және бейіндік технологиялар секторын» көрсетеді.

Көрмелердің іскерлік бағдарламасы өз жұмысын «Қазақстанның құрылыс саласының үрдістері: BIM-технологиялар, жасанды интеллект және сейсмикаға төзімді жобалау» атты тақырыбына арналған Пленарлық сессиядан бастайды. Алғаш рет ФУТУРУСС-тың «Терезе футуризмі» мамандандырылған форумы өтеді. Сондай-ақ, келушілердің кең аудиториясын Жапондық ROTOBO қауымдастығы, ҚР Сәулетшілер одағы, ҚР Ұлттық жобалаушылар қауымдастығы, Professional TANU Association сияқты бейінді қауымдастықтардың семинарлары қызықтырады.

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында сантехникалық жабдықтарды монтаждаушыларға арналған оқыту семинарлары, желдету жабдықтары мамандарына арналған авторлық мастер-класстар және 2-ші монтаждаушылар «Технар PRO Қазақстан» чемпионаты ұйымдастырылады.

KAZGOR Жобалық академиясының цикл сессиялары, сондай-ақ экспоненттердің семинарлары мен презентациялары құрылыс индустриясында табысты жұмыс істеу үшін қажетті практикалық білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Іс-шараларға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс Министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, қатысушы елдердің сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялары ресми қолдау көрсетеді.

Aquatherm Almaty 2024 көрмесінің іскерлік серіктесі – «Технар Оқу орталығы» ЖШҚ. Aquatherm Almaty 2024 көрмесінің серіктесі – «Грундфос Қазақстан» ЖШС.

KazBuild 2024 көрмесінің серіктес елі: Қытай.

Іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы. 

Көрмелер туралы толығырақ ақпаратты көрменің ресми сайттарынан алуға болады: www.kazbuild.kz, www.aquatherm-almaty.kz